Қазақстанда заңсыз жүрген 11 шетелдік елден шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда заңсыз жүрген 11 шетелдік елден шығарылды Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы елде заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы елде заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз жүрген шетел азаматтарын Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.

Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтің сөзінше, бір аптаның ішінде Қазақстан Республикасында заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталған.

Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасынан шығарылған.

"Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдердің 10 және көршілес мемлекеттердің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. 23 шетел азаматы мемлекеттен шығарылды. Қабылдап-таратуға құжаттары жоқ 52 шетелдік азамат орналастырылды", - деді Асхат Бутунчинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети