Қазақстанда заңсыз несие бергендердің схемасы әшкере болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен "OLX" пен "Instagram" мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.

Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100 пайызға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген. Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 миллион теңгеден астам қаражатты қарызға берген", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.

"Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен. Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 миллион теңгеден астам кірісті заңдастырған.

Соттың санкциясы бойынша, тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 миллион теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer