24 мамыр 2023 11:56

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі ведомство құрылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтаруға қатысты бірнеше заң жобасын қарауға қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтаруға қатысты бірнеше заң жобасын қарауға қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Мәжіліске "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" және "Кейбір заңнамалық актілерге заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары келіп түсті.

Депутат Магеррам Магеррамов негізгі заң жобасы заңнамалық негіздердің және активтерді анықтау мен қайтаруға қажетті жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтару тетіктерін анықтауға бағытталғанын айтты. Ілеспе заң жобалары негізгінің нормаларын іске асыру мақсатында әзірленіп, 11 кодекс пен 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Мәжілісменнің айтуынша, заң жобаларын қабылдау қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жолымен Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою сияқты оң әлеуметтік-экономикалық нәтижеге әкеледі.

"Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заң жобасы және оған қатысты заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін Бас прокуратура құрылымында заңсыз алынған мүлікті қайтару жөніндегі жеке агенттік құрылады, ол осы саладағы уәкілетті органның функциялары", - деді Маггерамов.

Бұдан бөлек, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылады. Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға және осы процесте ашықтық пен тиімділікке қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети