Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары өзгертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары өзгертілді Фото: depositphotos.com

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.

"Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген", - делінген хабарламада.

Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети