Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі видео кадры

Қазақстанда зейнетақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегінің мөлшері өседі. Бұл туралы Сенаттың Taldau Talks подкасында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Подкастың бұл шығарылымы салық реформасына, ҚҚС өсіміне, оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.

"Заң бойынша инфляция деңгейіне сай зейнетақыны, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын және т.б. өтеуіміз керек. Біз мұны қолға аламыз. 20 пайыз мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард болады. Атаулы әлеуметтік көмекті көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиард. Сонда не қалады? Тұрғын үй көмегі қалады. Әрине, тарифтер өсуіне байланысты оны да көбейтіп, өтейміз", - деді Жұманғарин.

Айта кетейік, 20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент қарауына қабылданды.

Осы бойынша мынадай түзетулер енгізілді:

  • ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендету;
  • кейбір салалар үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемені белгілей отырып, ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети