Қазақстанда зейнетақы төлемдері мен мұрагерлер құқығына қатысты норма өзгертілді

Қазақстанда зейнетақы төлемдері мен мұрагерлер құқығына қатысты норма өзгертілді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда зейнетақы төлемдері мен мұрагерлердің құқықтарына қатысты ережелердің бірі өзгерді. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа норма ресми түрде күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда зейнетақы төлемдері мен мұрагерлердің құқықтарына қатысты ережелердің бірі өзгерді. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа норма ресми түрде күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді.

"Енді біз бұл ережені өзгерттік. Отбасыларға таңдау бердік. Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау - отбасының өз қолында", - деп жазды Аймағамбетов Telegram-арнасында.

Жарнама
Жарнама

Депутаттың айтуынша, зейнетақы аннуитеті жүйесі адамдарға ыңғайлы әрі икемді бола түсті.

Анықтама: Зейнетақы аннуитеті - бұл сақтандыру компаниясымен жасалатын келісімшарт, оған сәйкес адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарының бір бөлігін компанияға аударады және оның орнына кепілдендірілген тұрақты төлемдер алып тұрады. Қарапайым тілмен айтқанда, ақшаны зейнет жасына жеткенше БЖЗҚ-да сақтаудың орнына, жинақ жеткіліктілігі бойынша талаптар орындалса, жинақты сақтандыру компаниясына аударып, төлемдерді белгіленген мерзімнен ерте ала бастауға болады.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткілікті шек едәуір көтерілген болатын. Біз ақшаның бір бөлігін шешіп алу үшін енді қанша жалақы алу керек екенін есептеп көрдік. Толығырақ мына материалдан оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама