Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, қарызға белшеден батқан азаматтарға көмектесу үшін банктерге берешегін кешіріп, соттан тыс және сот арқылы "банкрот" деп тануға, төлем қабілетін арттыруға арналған заң дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ.

Бұл борышкерлерге ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, өтініш беруге оңтайлы жағдай жасауға тиіс болған. Сондай-ақ, оның шарттарында 6 млн 291 мың теңгеден аспайтын қарыздарды банкроттыққа тапсыруға болатыны көрсетілген.

"Қолда бар жалғыз ресурс Е-өтініш қосымшасы арқылы жолданған өтініштер қанағаттандырылмай отыр. Соның салдарынан өмір бойы бейнеттеніп зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер зейнетақысынан қағылып жатыр. Көпшілігінің банктер алдында төленбей қалған қарыздары бар. Сот орындаушылары бәрінің есепшоттарын бұғаттап, шетелге шығу мүмкіндіктерін шектеп тастаған. Банктерге барсаңыз, бар-жоғы 32 мың теңге зейнетақысы банк картасына түспей жатып, жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлерді көресіздер. Жағдайды зерттесек, зейнетақы кіріс көзі болып саналады және зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатқызылмаған", - деді депутат.

Депутат "зейнетақы қорынан қомақты қаржы алып, ел игілігі үшін пайдаланып жатқандықтан, зейнетақыны кіріс көзі деп санау ұят емес пе?" деген сауал қойды.

"Зейнетақы жинағына қол салғанымыз аздай, зейнеткерлерге зейнетақысын жегізбеуіміз елдігімізге сын болар", - деді ол.

Қайрат Балабиев мынадай ұсыныс жасады:

  • Әділет органдарына берешегі бар зейнеткерлердің зейнетақы есепшоттарын бұғаттаудан босатуды;
  • Республикалық базадан банктерде берешегі бар зейнеткерлерді анықтауды;
  • Құзырлы органдарға зейнеткерлердің соттан тыс және сот арқылы "банкрот" деп тану процесін жеңілдетуді;
  • Зейнеткерлердің қарызын кешіруді;
  • Барлық екінші деңгейлі банктер мен "Қазпошта" мекемесінен де зейнеткерлер үшін әлеуметтік қорғалған есепшоттарды жаппай ашуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети