Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алып тастала ма? Үкімет жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алып тастала ма? Үкімет жауабы Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты. Салық кодексінің 326-бабына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге БЖЗҚ және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан түсетін төлемдер жатады.

Зейнетақы төлемдерінен ұсынылған сомаларды жеке табыс салығынан босату айтарлықтай бюджет шығыстарына әкеп соғатыны (2023 жылы 13,464 миллиард теңге, 2022 жылы 14,087 миллиард теңге) айтылды.

"Сонымен қатар, туындап отырған мәселе халықаралық тәжірибені зерделеуді және талқылауды талап етеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Осы жұмыс аясында зейнетақы жинағын беру кезінде жеке табыс салығын алып тастау мәселесі жан-жақты қарастырылады", - деп түйіндеді Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети