Қазақстандағы 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы Фото:elements.envato.com

Қазгидромет 27 сәуірде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 27 сәуірде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 22-24 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз солтүстікте, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 23-28 градус жылы.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 17-22 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 2-7 градус аяз, күндіз 19-24 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 14 градус жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде құмды дауыл соғады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 26 жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети