Қазақстандағы 5G жиілігі 62,6 миллиард теңгеге сатылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда 5G жиіліктерін таратуға арналған бірінші аукцион аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 5G жиіліктерін таратуға арналған бірінші аукцион аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн сауда gosreestr.kz электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5G технологиясына арналған 3600-3700 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілік жолақтары бойынша бәсекеге түсті.

Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды.

Онлайн сауда-саттық, аукционның ашық өтуіне септігін тигізе отырып, қатысушылардың арасындағы бәсекелестік ортаны қалыптастырды. Аукцион талаптарына сәйкес келетін ұйымдар ашық онлайн саудаға қатыса алды.

Нәтижесінде, радиожиілік жолақтары үшін сауда-саттық барысындағы баға 62 669 775 351 теңгеге дейін көтеріліп, жеңімпаз болып "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС және "Кселл" АҚ тұратын консорциум анықталды.

Жоғарыда аталған аукционның жеңімпазына республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында мобильді байланыстың бесінші буынын енгізу және дамыту бойынша міндеттемелер жүктеледі.

Міндеттемелерге сәйкес, аукцион жеңімпазы кезең-кезеңімен жалпы саны 3527 базалық станцияны іске қосуы керек. 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызы, облыс орталықтарының 60 пайызы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, 5G технологиясы мемлекет пен бизнес үшін Интернет сервистерін дамыту тиімділіктеріне ие, бұл елдегі цифрландыру қарқынын айтарлықтай жеделдетеді.

5G желісінің негізгі пайдаланушылары - қарапайым абоненттерден бастап, интернеттің жоғары жылдамдығын қажет ететін ірі бизнес өкілдері болады.

Ал 23 желтоқсанда 5G технологиясына арналған 3700-3800 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілігі үшін 2 лот бойынша аукцион өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro