22 шілде 2014 | 12:58

Қазақстандағы 8 тарихи нысан ЮНЕСКО-ның қорғауына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

http://art.gazeta.kz/ http://art.gazeta.kz/

Биыл Қазақстандағы сегіз тарихи нысан ЮНЕСКО-ның қорғауына кірді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл Қазақстандағы сегіз тарихи нысан ЮНЕСКО-ның қорғауына кірді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сілтеме жасап.

Бүгін Астана қаласында ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірлескен отырысының ашылуы өткен болатын. Жиын барысында ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың еңбегі ескеріліп, Ұлы Жібек  жолы мұрасын сақтау туралы ұйымның бас директоры Ирина Бокованың шешімі бойынша Ұлттық комиссияның бұрынғы төрағасы Иманғали Нұрғалиұлына "Жібек жолы" төсбелгісі табыс етілген еді.

"Осы жылдар аралығында біз ұсынған бастамалар мен жобалар ЮНЕСКО тарапынан қашан да қолдау мен қорғауға ие болды. Табанды да баянды жұмыстардың негізінде ұйымның әлемдік мұралар тізіміне еліміздің үш тарихи ескерткіші енгізілді.Атап айтқанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тамғалы петроглиф археологиялық тас кешені, Сарыарқа Солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтары аталымындағы Қорғалжын және Наурызым қорықтары бар. Биыл олардың қатарын тағы да сегіз тарихи нысан толықтырып отыр. Еліміздегі жәдігерлердің әлемдік мәдени-құндылықтар қатарына енуі тұтас халқымыздың шынайы арман тілегі мен риясыз пейілінің көрсеткіші деп білемін", - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Аталған шара бүгін Астанада басталып, оған ЮНЕСКО-ның бес аймақтық тобы атынан 125 мемлекеттің Ұлттық комиссия өкіледір қатысып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети