Қазақстандағы АЭС құрылысы: премьер-министр мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы АЭС құрылысы: премьер-министр мәлімдеме жасады Фото:depositphotos.com

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша келісімдердің жақын арада жасалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша келісімдердің жақын арада жасалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы уақытта Алматы облысында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша қажетті келісімдерге қол қоямыз. Сонымен қатар екінші атом электр станциясын салу орындарын анықтау бойынша өңірлердегі талдау да аяқталып жатыр", - деді премьер-министр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы мәселесін тездету қажеттігін атап өткен еді.

"Атом станцияларын салу бойынша жылдам қимылдауымыз керек. Мен бұған дейін сұхбатымда айтқанмын, біз екі үлкен станция саламыз, мүмкін, үш станция болады. Қазақстанды дамыған ядролық энергетикасы бар елге, жасанды интеллект пен цифрландыру толық жұмыс істейтін мемлекетке айналдыруымыз керек", – деді Тоқаев.

2024 жылдың қарашасында Энергетика министрлігі АЭС құрылысы технологияларының әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер басталғанын хабарлады.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда елдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жасалып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер анықталады. Жиында премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңір әкімі баяндама жасайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети