Қазақстандағы ақылы жолдардан бір жылда қанша табыс түсті?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ақылы жолдардан бір жылда қанша табыс түсті? Фото:gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда 2021 жылы ақылы жолдардан қанша табыс түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда 2021 жылы ақылы жолдардан қанша табыс түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан - Теміртау", "Нұр-Сұлтан - Щучинск", "Алматы - Қапшағай" және "Алматы - Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 миллиард теңге түскен.

Сонымен қатар, елімізде былтыр 23-қарашадан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: "Тараз - Қайнар", "Шымкент - Қызылорда", "Шымкент - Тараз", "Шымкент - Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған - Қапшағай", "Көкшетау - Щучинск", "Нұр-Сұлтан - Павлодар" автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 миллиард теңге түскен.

"2021 жылы елімізде ақылы жолдарынан түскен қаражат мөлшері 8,1 миллиард теңге болды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети