Қазақстандағы алғашқы крематорий дайын, бірақ әлі ашылмаған: себебі неде?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылуға толық дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылуға толық дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.

Алматының құрылыс басқармасы крематорийдің инженерлік желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанын мәлімдеді.

"Нысанды пайдалануға беру актісі қабылданды. Архитектура және әділет органдарында тіркеу 2024 жылдың үшінші тоқсанында жүргізілді", – деп хабарлады басқарма.

Алайда, әкімдік крематорийдің нақты ашылу күнін және кремация бағасын жариялаған жоқ.

Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі Әділет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне нысанның соңғы баланс ұстаушысын анықтау туралы хат жіберген.

Алматылық крематорий. Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кремация мен колумбарийлерді жерлеу ережелері реттейтінін мәлімдеді. 2021 жылы зираттар мен жерлеу орындарына арналған санитарлық нормалар бекітілген. Қазіргі уақытта Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті крематорийлер мен колумбарийлерге қатысты санитарлық нормаларға өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын әзірлеген, құжат келісу кезеңдерінен өтіп жатыр.

Сонымен қатар, 2020 жылы Алматы мен Астанада крематорий салу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінгені және бұл қаражат әкімдіктерге нысаналы трансферт ретінде аударылғаны хабарланды.

Қазақстандағы алғашқы крематорий Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro