Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда жаппай ақау шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда жаппай ақау шықты

Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жаппай ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жаппай ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Tengrinews.kz оқырмандары Астанадағы мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды кезек жүйесі жұмыс істемей тұрғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, талондар тек таңғы 9:00-ден 10:00-ге дейін ғана беріліп, саны бар болғаны 300-мен шектелген. Бұл - бір күнге арналған барлық талон.

Қалған уақытта талон алу мүмкін емес. Көптеген азамат күні бойы кезекте тұруға мәжбүр. Сонымен қатар, жағдайдан бейхабар басқа қалалардан келген адамдар да қызмет ала алмай отыр. Тіпті ақылы негізде (жеке менеджер арқылы) де талон беру тоқтатылған. Осыған байланысты оқырмандар шағымданып жатыр.

(Фото: Tengrinews.kz оқырмандары жолдаған)

Ресми түсініктеме

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәселенің бар екенін растады. Олардың мәліметінше, жүйенің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қиындық тудырып отыр.

"Еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-да жүйеде уақытша ақаулар байқалды. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде қиындықтар туындап отыр. Қазіргі уақытта жауапты мамандар жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 502.56  course up  595.54  course up  6.57  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети