Қазақстандағы балабақшаларда соттылығы бар адамдар жұмыс істеген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысындағы балабақшаларда қауіпсіздік саласындағы көптеген заңбұзушылық анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысындағы балабақшаларда қауіпсіздік саласындағы көптеген заңбұзушылық анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге теріс әсер еткен 200-ден астам заңбұзушылықты анықтады.

Мәселен, Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанында жаяу жүргіншілер өткелдері мен "Балалар" белгілері жоқ.

"Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі балабақшаның аумағы толық қоршалмаған, бұл бөгде адамдардың балабақшалар аумағына кедергісіз кіруіне мүмкіндік берді.

Панфилов ауданының 55 жеке балабақшасында "Шақыру дабыл түймесі" жүйесі жоқ. 40 балабақшада өрт қауіпсіздігін хабарлау жүйесі жұмыс істемейді, ал екі балабақшада олар мүлдем болмады. Алакөл, Ескелді және Сарқан аудандарының жеті балабақшасында бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді.

Ақсу, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының 9 балабақшасы өз қызметін мерзімі өткен санитарлық қорытындылар негізінде жүзеге асырды. Ал кейбір жағдайларда мерзімі өткен медициналық препараттар сақталған. Ақсу ауданының 8 балабақшасында ішек таяқшалары табылды", - делінген хабарламала.

Еңбек заңнамасының (ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы) талаптарына қайшы, облыстың балабақшаларында бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 11 адам жұмыс істеген.

Сонымен қатар, прокурорлар Кербұлақ ауданының балабақшаларында жалпы сомасы 25 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады, олар бойынша соталды тергеу басталған.

"Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша оларды жою туралы 22 қадағалау актісі енгізілді, 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro