Қазақстандағы барлық мектепте тексеріс жүргізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есептерін тыңдады.

"Бүгінде 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жақаны айтылды. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәулік бойы штаб жұмыс істейді.

"Ауру ошағын оқшаулау және жою шараларын күшейту үшін өңірге "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының мамандары жіберілді. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша, бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған".

№8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro