Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордадағы "Астана Арена" кешенін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмысты 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадағы "Астана Арена" кешенін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмысты 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Стадионның басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы төбесі сақталып қала ма, жоқ па, Tengri Sport анықтап көрді.

Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінше, қаңтарда сараптама қорытындысын алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Демонтаж жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2024 жылғы шілденің аяғына жоспарланған. 2024 жылдың қыркүйек-желтоқса аралығында көшпенділер ойындары өткізілгеннен кейін жасанды жабынды жылыту және суару жүйесімен ауыстыру жүргізіледі", - деп хабарлады басқарма.

Ведомстводағылар кешеннің айналасын абаттандыру мәселесі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Жылжымалы шатырға келетін болсақ, ол жаңғырту жұмыстарынан кейін жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети