Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Сәрсенбі, 30 қарашада Қостанайдағы қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-сыныптан 9-сыныпқа дейін оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

"Ауа температурасы -27 градус, жел секундына 3 метр. Қостанай қаласындағы мектептердің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аязға байланысты оқушылар тағы да қашықтан білім алады.

Абай облысы аумағында ауа температурасы -31 градус аязды көрсетіп тұр.

Осыған байланысты 30 қарашада бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Күршім аудандарында 0-11 сынып, Өскемен мен Риддерде 0-9 сынып, Жаңа Бұқтырма елді мекенінде 0-4 сынып оқушылары үйден білім алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети