26 желтоқсан 2014 | 19:48

Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын өңір анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қараша айындағы мәлімет бойынша республикада ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қараша айындағы мәлімет бойынша республикада ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Статистикаға қарағанда, 2014 жылғы қарашада республикада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 119111 теңге болды. 

Салалық құрылымда ең жоғары жалақыны кен өндіру өнеркәсібінің өкілдері мен карьер қазушылар алады, олардың жалақы мөлшері – 249 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге артық).

Екінші орында кәсіби, ғылыми және техникалық қызметкерлер тұр, олардың жалақысы – 229 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асты), ал қаржы және сақтандыру қызметінің мамандары 224,1 мың теңге еңбекақы алады (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асты).

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 69,5 мың теңге, бұл - ел бойынша орташа көрсеткіштен 41,7%-ға төмен. Ал өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 213,7 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Солтүстік өңірдегі мұның шамасы - 79,2 мың теңге, бұл - еліміз бойынша орташа деңгейден 33,5%-ға төмен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети