Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Enbek.kz мәліметтері бойынша, жұмыс берушілер қарашада мына лауазымдар бойынша ең жоғары жалақы ұсынған:

  • бас құрылысшыларға (640 мың теңгеден бастап),
  • өндірістік учаске бастықтарына (595 мың теңгеден бастап)
  • авиациялық диспетчерлерге (568 мың теңгеден жоғары).

"Ал ең жоғары жалақы күту деңгейі пилоттарда (орташа 1,9 миллион теңге), коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшыларында және бас геологтарда (шамамен 1,2 миллион теңге) байқалды", - делінген хабарламада.

Ең сұранысқа ие мамандықтар:

  • мейірбике/мейіргер – 1,9 мың,
  • санитар – 1,8 мың,
  • тәрбиеші және автомобиль жүргізушісі.

Еңбек нарығындағы жағдай

Қарашада Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында 101,1 мың вакансия жарияланған, олардың 73 пайызы біліктілікті талап ететін лауазымдар. Алдыңғы аймен салыстырғанда жалпы вакансиялар саны 23 пайызға, оның ішінде білікті мамандарға арналған вакансиялар 26 пайызға азайды.

Өз кезегінде үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастырған, бұл қазан айымен салыстырғанда 11 пайызға төмен.

Министрлік мәліметінше, вакансиялар санының азаюы маусымдық факторлармен байланысты.

Вакансиялар саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер:

  • Түркістан облысы (11,1 мың),
  • Астана (9,3 мың)
  • Алматы (7,2 мың).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети