Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет қаулысына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет қаулысына сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Осыған байланысты Үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети