Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жалғасып жатыр. Бұл елдегі ең ұзын өткел болмақ. Tengrinews.kz тілшілері өңірге жасаған сапарында нысанның құрылысы барысын әуеден түсіріп алды.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жалғасып жатыр. Бұл елдегі ең ұзын өткел болмақ. Tengrinews.kz тілшілері өңірге жасаған сапарында нысанның құрылысы барысын әуеден түсіріп алды.
Көпір құрылысы 2021 жылы Күршім ауданындағы Құйған ауылының маңында басталған. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, екі жолақты жол өткелінің ұзындығы 1316 метр, ені 12,2 метр болады.
"Жобаның құны - 52,1 миллиард теңге. 2022 жылға дейін жоба бойынша 3,9 миллиард теңге игерілді. Биыл 10,2 миллиард теңге бөлініп, 4,1 миллиард теңге қаражат игерілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі бекіткен жоба (жол картасы) бойынша ұйымдастыру шараларының жоспары төрт жыл ішінде, яғни құрылыс 2024 жылға дейін аяқталады. Құрылыс жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Ведомстводағылар бұл еліміздегі ең ұзын көпір болатынын айтты. Қазір құрылысқа 180 адам, 167 техника мен құрал-жабдықтар жұмылдырылған.
Жылы мезгілде көлік жүргізушілері Өскеменнен Күршім немесе Құйған ауылдарына жету үшін Бұқтырма су қоймасынан пароммен өтуге мәжбүр. Қыста мұз үстімен. Бұл облыс орталығынан Күршімге дейінгі ең қысқа жол, 212 шақырым. Айналма жол 400 шақырымға жуық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!