Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құрылысы тоқтауы мүмкін

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы тоқтауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы тоқтауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Баяхметов Бұқтырма су қоймасы мен Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлер құрылысын қаржыландыру қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, құрылысты 2023 жылы жалғастыру үшін 20 миллиард теңге сұраған. Дәл осындай сома 2024 жылға да қажет болады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы әрі сапалы орындау үшін республикалық бюджеттен 2023 жылы 20 миллиард теңге сомасында, ал 2024 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салуға 21,8 миллиард теңге сомасында қаражат бөліну қажет", - деді Бақытжан Баяхметов.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Мұнда олар келесі жылға республикалық бюджеттен 20 миллиард сұрағанын растады, бірақ көпір құрылысын кейінге қалдыру туралы әңгіме болмағанын атап өтті.

"Мемлекет басшысының Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы туралы тапсырмасын уақтылы және сапалы орындау үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен 20 миллиард теңге сұралды, жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Алаңдауға негіз жоқ", - деп жауап берді аудан әкімдігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети