12 сәуір 2022 | 14:46

Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие шарттары аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру шарттары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру шарттары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жеңілдікті несиелеу бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 миллиард теңге. Қазақстан өңірлеріндегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Жеңіл автокөлікті сатып алуға несие беру төмендегі шарттар бойынша жүргізіледі:

  • сыйақы мөлшерлемесі: 4 пайыз;
  • несиелендіру сомасы: 10 миллион теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна: 0 пайыздан бастап;
  • көлік құралының құны: 15 миллион теңгеден аспайды.


Несие беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады. Бағдарлама 2022 жылғы сәуірдің аяғында іске қосылады.

"Қаржыландырудың ашық болуын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген, оған сәйкес ЕДБ-де қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі болуы тиіс", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бір қарыз алушыны екі жыл ішінде бір реттен артық қаржыландыруға тыйым салатын шектеу көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети