23 тамыз 2022 | 11:43

Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылу себептері аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:ru.qaj.kz Фото:ru.qaj.kz

"ҚазАвтоЖол" Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстары неге ұзаққа созылғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАвтоЖол" Қазақстандағы жол жөндеу жұмыстары неге ұзаққа созылғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, өнімділік әлеуеті жоғары болғанымен, жұмыс кестесінен артта қалу бар. Компания кестеден кешігуге себеп болған негізгі факторларды атады.

"Біріншісі - битум тапшылығы. Ішкі нарықты битуммен қамтамасыз ету бойынша бірнеше рет құзыретті бейінді мемлекеттік органдармен кеңестер өткізілді, онда республикалық желі арқылы жол жобаларының қажеттіліктеріне битумды іріктеуге көмек көрсетуге басымдық берілді, алайда бүгінде жол компаниялары өтінімдерін растауда қиындықтар бар.

Мәселен, осы нысандар бойынша биыл битумға деген қажеттілік 59 мың тонна болса, іс жүзінде құрылыс маусымының аяғына дейін 13 мың тонна ғана берілген", - делінген хабарламада.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы мәліметінше, оның тағы бір себебі - қиыршық тасты тасымалдайтын вагондардың жоқтығы.

"Батыс Қазақстан облысында тас карьерлері жоқ, сондықтан қиыршық тасты көршілес өңірлерден тасымалдау қажет. Осылайша, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "Қаз Темір Транс" АҚ өкілдерімен бірлескен талқылау және кездесу барысында теміржол арқылы жол-құрылыс материалдарын тасымалдауға арналған вагондар санын көбейту мәселелері көтерілді, бірақ тиісті нәтиже әлі байқалған жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, дизель отыны тапшылығы мен (бар болса) қымбаттату мәселесі бар. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, жол-құрылыс техникасы ірі болса, күніне шамамен 100-130 тонна дизель отынмен қамтамасыз ету қажет.

"Жоғарыда айтылғандарға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ осы жобаларды табысты іске асыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап жатыр, алайда осы себептерге байланысты тапсырмаларды орындай алмай қалу тәуекелі бар", - деп қорытындылады баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети