27 шілде 2022 | 09:24

Қазақстандағы қант бағасы: бизнесмендер жаппай банкрот болуы мүмкін

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қазақстанда 60 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны қант бағасының өсуіне байланысты банкротқа ұшырауға жақын. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 60 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны қант бағасының өсуіне байланысты банкротқа ұшырауға жақын. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлердің айтуынша, өндіріс тиімсіз. Кейбір аймақта тәтті өнім мүлдем жоқ не оны қымбат маржамен сатады. Шын мәнінде, әр мекеменің ондаған миллион теңгеге қарызы бар, дейді бизнесмендер. Осылай барлық клиентті жоғалтуы мүмкін.

"Мәзірдің 90 пайызына қантты пайдаланамыз. Наннан, еттен бастап, яғни барлық жерге керек. Маринадтарда, соустың барлық түріне. Баға айтарлықтай өсті. Келісіне 800-900 теңге. Баға күнде өседі, тиімсіз. Пандемия кезінде тұтынушылар 30 пайызға азайған еді", - деді Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.

Егер ірі бизнес бұл қиындықтардан аман қалуы мүмкін болса, онда шағын кондитерлік өнімдер мен кофеханаларға қиын болады. Шамамен, мұндай мекемелер күніне 100 келіге дейін қантты пайдалана алады.

"Бұған дейін жеткізушілерге жүгініп, қантты қолжетімді бағамен сатып алатын едік. Қазір бәрі өзгерді. Азық-түлік екі есеге қымбаттады. Базарлар мен дүкен сөрелерінен өзіміз іздейтін деңгейге жеттік", - дейді бариста Қағылез Әбдірахманов.

Басқа мекемелердің жұмысы оңай емес. Мысалы, наубайханаға нан, кондитерлік және басқа да аспаздық өнімдерді шығару үшін айына 500 келіге дейін қант қажет. Тәтті өнімнің жаңа бағасын ескерсек, сегіз миллион теңгеден аса қаражат жұмсауға тура келеді, дейді кәсіпкер Екатерина Васильева. Оның айтуынша, қант бағасының жоғары болуы қазірдің өзінде компот пен жеміс-жидек сусындарының өндірісін қысқартуға мәжбүр еткен.

"Біз үшін бұл банкрот жағдай. Шикізат жоқ, жұмыс жоқ, не істей аламын? Бүгін болмаса, ертең жай жабыла салуымыз мүмкін. Өнімді неден жасарымызды білмейміз. Әрине, біз ойланбай сатып ала аламыз, үстіне шығынын қосамыз, бірақ тұтынушы бір бөлке бидай нанын 500 теңгеге, қара бидай нанын 1000 теңгеге сатып алуға дайын болу керек", - дейді кәсіпкер Екатерина Васильева.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күзге қарай қанттың өзіндік құны қалыпқа келіп, 2025 жылға қарай елімізде оның өндірісі артады деп уәде берді. Кәсіпкерлер өз кезегінде күзге дейін шыдамайтындарын айтып, шенеуніктерден қолжетімді бағада қосымша қант беруді сұрады. Оларға тек өндірістік мақсатта ғана қажет. Әйтпесе, олардың көбі банкротқа ұшырайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети