Қазақстандағы көліктер саны есептелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы көліктер саны есептелді Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы көлік саны туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы көлік саны туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 085 427 болды. Оның 4 472 375-і жеңіл көлік, 507 547-сі жүк көлігі, 105 505-і автобустар.

Бюро мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жеңіл автокөліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін жанармай ретінде бензинді – 4 180 446 көлік, дизель отынын – 364 659 көлік, электр энергиясын – 5 342 көлік қолданады.

Еске сала кетейік, 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 015 200 көлік болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети