Қазақстандағы көліктер саны қанша?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы көліктер саны қанша? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда 6,7 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.


Қазақстанда 6,7 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Тек тамызда елімізде шамамен 160 мың көлік тіркелген. Олар ІІМ-нің ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Олардың басым көпшілігі – жеңіл автокөліктер. Сондай-ақ 9,7 мың жүк көлігі, 1,5 мың автобус және 3,5 мыңнан астам мотоцикл тіркелген.

Қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 6,7 миллионнан астам көлік бар. Жеңіл көліктердің негізгі бөлігі ескі жылдардағы: 41,5 пайызы – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылғандар, 24 пайызы – 10-20 жыл, 10 пайызы – 7-10 жыл, 17 пайызы – 3-7 жыл және тек 6,8 пайызы ғана үш жылға жетпеген жаңа автокөліктер.

Еске салайық, Қазақстанда шыққанына 7 жылдан асқан автокөліктерді әкелуге тыйым салу уақытша тоқтатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети