Қазақстандағы қызылша ауруына қатысты жағдай: 30 бала ауыр халде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы қызылша ауруына қатысты жағдай: 30 бала ауыр халде Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлық облыста қызылша ауруы тіркелгені айтылды. Жоғары деңгей байқалған өңірлер:

  • Шымкент – 3 мыңнан аса жағдай;
  • Алматы және Жамбыл облысы – 2 мыңнан аса жағдай;
  • Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында – мыңнан аса жағдай.

Денсаулық сақтау министрі балалардың ұйымдасқан топтарға жиналуына байланысты 2023 жылдың қыркүйегінен бастап аурушаңдықтың күрт өсуі байқалғанын хабарлады.

"Нәтижесінде аурушаңдық екі есеге өсті. Қарашада 6 мыңнан аса қызылша жағдайы тіркелді. Бүгінде елімізде қызылшамен ауыратын науқастарға арналған 3,5 мыңнан аса төсек-орын орналастырылды. 2375 бала стационарлық ем алып жатыр, төсек-орындардың қамтылуы 60 пайыз болады. Төсек орындарының қоры 1093.

Төсек-орын қоры Жамбыл облысында – 92 пайыз, Алматыда – 88, Түркістан облысында – 81, Шымкентте – 79 пайыз толған. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 30 бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, оның 15-і бір жасқа толмаған. Қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ", - деді министр үкімет отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети