Қазақстанда экстремистік және террористік әрекеті үшін ұсталған азаматтардың 73 пайызы - жұмыссыздар. Оны Қазақстандағы терроризм мәселелеріне арналған зерттеудің нәтижесі көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі саясаткер Ерлан Қаринге сілтеме жасап.

"Зерттеу кезінде біз 2004-2013 жылдары аралығында терроризм бойынша қозғалған қылмыстық істерді сараптап шықтық. Сондай-ақ сотталған азаматтар мен олардың туған-туыстарымен сұхбаттастық. Жалпы, біздің зерттеуіміз лаңкестік үшін сотталған 150 азаматты және осы іске қатысы бар 77 адамды қамтыды", - деді Е.Қарин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сол азаматтардың басым бөлігі, нақты айтсақ, 73 пайызы жұмыссыз болған.
Бұдан бөлек, 56 адамның тек орта білімі ғана болды. Олардың біреуі бесінші сыныпқа да жетпеген. Радикалды топ мүшелерінің 17 пайызы - арнайы және жоғары оқу орындарын бітіргендер. Сотталғандардың тек 6 пайызы ғана діни білімдерін шыңдап отырды. "Демек, сан алуан экстремистік және террористік әрекетке арнайы білімі жоқ азаматтар тартылды", - дейді Е.Қарин. Оның хабарлауынша, Қазақстанда лаңкестікке барған ең жас азамат 17-де болса, үлкені - 48 жаста.