Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандағы лаңкестіктің "бет-әлпеті" ашылды

01 Сәуір 2014, 16:25
0
Фото artparovoz.com сайтынан
Фото artparovoz.com сайтынан

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында саясаткер Ерлан Карин Қазақстандағы экстремизм мен терроризмнің "бет-әлпетін" ашатын зерттеудің нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зерттеуге сәйкес, бұған дейін анықталған лаңкестік ұйымдардың өкілдері, көп жағдайда, бір-бірін білген. Олардың арасында байланыс болды. Алайда бір орталықтан бақарудың нақты жүйесі болған емес. Сондықтан қажыландырудың нақты арнасы қалыптаспады. "Негізі, осы уақытқа дейін болған оқиғаларды террористік акт деп айтуға болмайды. Бір-екі жағдай болмаса, қалғанын біз террористік актілерге жатқыза алмаймыз. Өйткені ондай әрекеттердің басым бөлігі құқық қорғау органдарының операцияларына қарсылық білдірудің нәтижесінде болған. Сақшылар олардың ізіне түсіп, арнайы операцияларды өткізді. Содан атыс та болды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар оның барлығын терррористік актілер деп бағалады", - деп атап көрсетті Е.Карин.

Оның айтуынша, Қазақстанның құқық қорғау органдары радикалды топтардың күшейіп кетуіне жол бермеді. Бас кезінде арнайы органдардың қызметіне қатысты айтылған сын-ескертпелерге қарамастан, еліміздегі террористік және экстремистік топтардың көзі дер кезінде жойылды. "Қазақстанда анықталған ондай топтардың дені ұрлық-қарлыққа жақын криминалдық бандылар болған. Олар дінді жамылып, бара-бара экстремистік ұйымға айналған. Шыны керек, сол кезде нақты бір бақылау болмаған. Содан кейбір топтардың эмиссарлары ашық түрде келіп, облыс және аудан орталықтарының клубтарында емін-еркін сан алуан кездесулер өткізіп тұрған", - дейді саясаткер.

Зерттеу тағы бір маңызды мәселені аңғартты. Қоғам ішінде Қазақстандағы терроризм, көп жағдайда, тәртіп сақшыларына қарсы бағытталған деген пікір бар. Алайда ол пікір қате. Зерттеу көрсеткендей, радикалды топтардың криминалды әрекетінен құқық қорғау органдарынан гөрі қарапайым халық жиі зардап шеккен.    

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай