Қазақстандағы “мафия“ балық экспортынан 80 миллиард теңге тапқан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы “мафия“ балық экспортынан 80 миллиард теңге тапқан Фото:depositphotos.com

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы Еуропа елдеріне балық өнімдерін заңсыз әкетуге байланысты ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы Еуропа елдеріне балық өнімдерін заңсыз әкетуге байланысты ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрып, олар арқылы балық өнімдерін шетелге экспорттаған.

Бұл ретте еншілес компанияларда бекітілген су қоймалары болмаған, балық аулауға квота болмаған және экспортқа рұқсат алмаған.

"Балық аулауға 270 тонна көлемінде шегі бар серіктестіктердің бірін мысалға алуға болады. Дегенмен, ол іс жүзінде 4 920 тонна балық экспорттады, бұл лимиттен 18 есе көп. Оның 2 096 тоннасы еншілес компаниялар арқылы экспортталған", - делінген хабарламада.

Уәкілетті органның қорытындысы бойынша 4 балық аулау субъектісі мен олардың еншілес компанияларының заңсыз әрекеттерінен келген шығын көлемі 80 миллиард теңгеден асқан.

Анықталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети