22 қыркүйек 2016 | 10:23

Қазақстандағы медициналық ұйымдарда АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілуде - ҚР ДСӘДМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

Қазақстандағы эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде медициналық ұйымдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ДСӘДМ өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде медициналық ұйымдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ДСӘДМ өкілдеріне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздің барлық стационарлары мен емханаларында инфекциялық бақылау бағдарламалары бар. Сонымен қатар, медициналық бұйымдар мен инфузиондық ерітпелерді бір рет қолдану қамтамасыз етіліп, жеке қорғану заттары  және т.б. қолданылуда. 

Сонымен бірге, эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейту, сондай-ақ, АИТВ-ны кәсіби жұқтырудың профилактикасы мақсатында 2015 жылы «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ Бұйрығына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сай, қанмен және өзге де биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер жылына 2 рет АИТВ-ға тексерілуі міндетті.

"2016 жылдың 1 жартыжылдығында медициналық қызметкерлерді тексеру 1,8 есеге артты, 2015 жылмен салыстырғанда медициналық қызметкерлер арасында АИТВ тіркелген жағдайлар 4,4 есеге ұлғайған", - деп хабарлайды ведомство.

Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы Кодексінің 113 бабына сәйкес, АИТВ инфекциясы анықталған медициналық қызметкерлер терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуымен байланысы жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады.

«Жоғарыда аталған шаралар барлық медициналық амалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, республиканың медициналық ұйымдарындағы АИТВ-ны жұқтыру қаупін төмендетіп, халық арасындағы АИТВ инфекциясын анықтау көрсеткішін арттырды, сонымен қатар, антиретровирустық терапия тасымалдаушыларын уақытылы емдеуді қамтамасыз етті», - деп түсіндірді ҚР ДСӘДМ.
Антиретровирустық терапияны қабылдайтын АИТВ инфекциясын тасымалдаушылар қоғам үшін ешқандай қауіп төндірмейтінін атап айту керек. Емдеу шаралары вирусты жұқтыру қаупін төмендетіп, тасымалдаушыларға дені сау нәресте тууға, қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети