Қазақстандағы мектептер соңғы қоңырау өтетін күнді таңдай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы мектептер соңғы қоңырау өтетін күнді таңдай алады Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде оқу жылының аяқталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде оқу жылының аяқталуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министрдің айтуынша, биыл оқу жылы "Білімім – Отанымa" атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқталады.

"Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, мектеп бітіруші түлектерге арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты іс-шараны 23 немесе 24 мамырға жоспарлау ұсынылды", – деді Ғани Бейсембаев.

Осылайша, әр мектеп соңғы қоңырауды өткізу үшін жұма немесе сенбі күнін – қолайлы күнді таңдай алады.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бұл күндері 11-сынып оқушылары үшін бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) өтеді және ол аталған мерекелік күнмен сәйкес келіп отыр.

Сонымен қатар, 9 және 11-сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Аттестат тапсыруға арналған салтанатты рәсім 18-20 маусымға белгіленген.

"Осы оқу жылын 3,9 миллион оқушы аяқтайды. Оның ішінде бастауыш сыныпта – 391 мың, негізгі мектепте – 364 мың бала оқиды. 217 мың бала – мектеп бітіруші түлектер. "Алтын белгіге" үміткерлердің саны бұрынғы жылдардағыдай – 5 пайыздан аспайды", – деп қосты Ғани Бейсембаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети