Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерде директордың информатика жөніндегі орынбасары қызметін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Сағадиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімдердің жүктемесі жайлы айтатын болсақ, біз әрбір мектепте директордың информатика жөніндегі орынбасары қызметін енгізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай жағдайда мұғалімдерге біраз жүк түседі. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін нәтижесін көреміз деп ойлаймын", - деді министр үкімет сағаты барысында.
"Мектептерге басшыдан гөрі атқарушы адам керек. Директордың орынбасары да бұл мәселеге араласады, мұғалімдерге тапсырма береді, олардан қалалық және облыстық білім бөлімшелерінен қажетті материалдарды жинауды талап етеді. Бірақ мұнда жұмыстың барлығы мұғалімдерге түседі", - деді Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исімбаева.