09 қазан 2018 | 13:33

Қазақстандағы мектептердің 30 пайызында дәретхана далада орналасқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстандағы мектептердің 30 пайызында дәретхана далада орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы мектептердің 30 пайызында дәретхана далада орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектептердің 30 пайызында дәретхана далада орналасқан. Бұл расында да проблема. Ол мектептер 1950-1970 жылдары салынған", -  деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, әкімдіктегілер өңірлерде осы мәселені бақылап, оны министрліктегілерге баяндап тұруы тиіс.

"Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында елімізде апатты мектептердің проблемасы бар екенін айтып өтті. Біз бұл мәселені осымен 7-10 жыл талқылап жатырмыз. Республикалық бюджеттен жеткілікті қаражат бөлініп жатыр, бірақ демографиялық өсімге байланысты, ірі агломерациялардың дамуына байланысты үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептердің проблемасы әлі сол күйі қалып отыр", - деді вице-министр.

БҒМ өкілдерінің мәліметінше, үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептердің басым бөлігі Алматы облысында орналасқан. Онда мұндай 23 мектеп бар екен.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында еліміздегі білім беру сапасын жақсартуды тапсырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети