16 маусым 2014 | 20:11

Қазақстандағы мемлекеттік органдардың рейтингі ғаламторда жарияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews иллюстрациясы ©Тengrinews иллюстрациясы

Қазақстандағы мемлекеттік органдардың рейтингі ғаламторда жарияланады, - деп хабарлайды "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы мемлекеттік органдардың рейтингі ғаламторда жарияланады, - деп хабарлайды "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz

"Біз ештеңені жасырмаймыз. Барлығын ғаламторға орналастырамыз. Қандай да бір басшының немесе мемлекеттік органның тиімділігіне халық өз бағасын беру үшін де бұл керек" - деп мәлімдеді партиялық бақылау комитетінің отырысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Бауыржан Байбектің айтуынша, бұл тәсіл шығармашылық интеллигенция, еңбек ұжымдары және жастар көтерген аймақтағы мәселелердің шешіміне партия мүшелерінің белсене араласуын күшейтуі керек. "Аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін "Нұр Отан" 3 миллиардқа жуық теңгені бағыттайды. Оның көбісі талқы алаңында көтеріледі (...). Біз бұл мәселелерді ескеріп, өзімізге түртіп алып, оны шешуге ат салысуға тырысамыз. "Нұр Отан" партиясының түрлі кері байланыс арналары бар" - деп атап өткен партия төрағасының орынбасары мемлекеттік орган рейтингісіне баға беру жылдың қортындысы бойынша үнемі жүргізіліп отыратынын мәлімдеді.

Еске сала кетелік, үстіміздегі жылдың мамыр айында "Нұр Отан" партиясы жыл сайын журналистер арасында өткізетін "Нұр Сұңқар" бәйгесі жарияланғанын мәлімдеген. Билік етуші партия қызметі туралы БАҚ-тағы ең үздік жұмыс авторына 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети