19 маусым 2024 | 10:18

Қазақстандағы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 289 миллиард теңге төленгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 289 миллиард теңге төленгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері:

  • 1 топ үшін – 95 496 теңге;
  • 2 топ үшін – 76 397 теңге;
  • 3 топ үшін – 52 089 теңге.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,8 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,2 мың адам.

"Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.

"Мәселен, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 93,7 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62,8 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды", - делінген хабарламада.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети