Қазақстандағы өрт: Тоқаев әкімдер есебін тыңдап, премьер-министрге тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы өрт: Тоқаев әкімдер есебін тыңдап, премьер-министрге тапсырма берді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады.

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады. Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің бөлімшелері жұмылдырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде айтылды.

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.

Президент премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети