Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды Фото ©️ Турар Казангапов

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда биылғы бірінші тоқсандағы жалақы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда биылғы бірінші тоқсандағы жалақы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша, жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңге болған. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7 пайызға артық.

"2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3 пайыз, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3 пайыз, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында – 16,1 пайыз байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2 пайыз, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1 пайыз өсті", - делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында –19,4 пайыз, Қостанай облысында – 14,6 пайыз, Алматы қаласында – 14,2 пайыз және Павлодар облысында 13,5 пайыз тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети