Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге 410,8 миллиард теңгеден аса, ортақ зейнетақы төлемдерін төлеуге 928,9 миллиард теңге жұмсалды.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,239 миллионнан асады.
"2021 жылдың маусымында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне шамамен 222,3 миллиард теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,2 миллиард теңге, ортақ зейнетақыны төлеуге – 154,1 миллиард теңге. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 99 898 теңге болды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады.
Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.
Осылайша, Еңбек министрлігі егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең болса, одан әрі 10 жылдан асатын жыл үшін оның мөлшері екі пайызға ұлғаятынын еске салады. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жыл - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94 пайызын құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан көп жыл болған кезде ол ең жоғары мөлшерде - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызында белгіленеді.
Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ аудару бір айда бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір ай болады.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық көлемде төленетін болса, зейнетақы жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соншалықты жоғары болады.
Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай талап етіледі) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық кіріске байланысты болады.
Бұған дейін 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 100 019 теңге болғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!