Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 168,7 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 380,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

"2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының мөлшері - 83 089 теңге, базалық зейнетақы - 37 903 теңге", - делінген хабарламада.

2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, зейнеткерлердің саны 2 миллион 295 мың адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети