Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды Фото:depositphotos.com

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 98,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 419,9 миллиард теңге қарастырылған.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 489 мың адам.

"2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 529 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 912 теңге, базалық зейнетақы – 47 617 теңге", - делінген хабардамада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 пайызға, ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып ұлғайтылған.

"Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары – 120 пайызға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады".

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 пайызынан 70 пайызға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңге болып, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110 пайызға дейін арттырылып, 50 851 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети