10 тамыз 2023 10:16

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 590,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 333,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақы үшін. 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 301 мың адам болды.

"Жалпы зейнетақының орташа мөлшері 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 120 923 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының мөлшері - 83 092 теңге, базалық зейнетақы - 37 831 теңге", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, шілдеде жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды.

Еңбек министрлігінде 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.

Бұл ретте, көрсетілгендей, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде есептелген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер кіреді.

"Егер зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызына тең болса, онда 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері екі пайызға артады. Мысалы, қатысу мерзімі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 80 пайыз болады. Егер еңбек өтілі 30 жыл және одан да көп болса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді", - деді ведомство өкілдері.

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Министрліктің мәліметінше, өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети