Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылы республикалық бюджеттен 3 триллион 752,1 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның 1 триллион 182,3 миллирад теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 триллион 569,8 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалғаны айтылды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 451 мың адам.

"2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети