Қазақстандағы ірі супермаркеттерге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ірі супермаркеттерге айыппұл салынды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда ірі супермаркеттерге айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ірі супермаркеттерге айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғаған.

"Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда биылғы 6 айда мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті", - делінген хабарламада.

Заңбұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2-бабы бойынша байқалып отыр. Бірі – ӘМАТ тауарларына сауда үстемін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі - баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаларды қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы).

"Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматыдағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар SMALL және METRO ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы Esentai Gourmet гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети