Қазақстандағы референдум қорытындысы жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы референдум қорытындысы жарияланды Фото ©Tengrinews.kz

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мәліметінше, сайлау құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға дауыс берушілердің 68,05 пайызы қатысты.

Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға енгізлетін түзетулерді қолдап дауыс берген. Түзетулерге қарсы болғандар - 18,66 пайыз (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.

"Осылайша, референдум өтті деп танылады. Республикалық референдумда Конституцияға енгізілген түзетулер мен толықтырулар, егер облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

Референдумда қабылданған шешім міндетті саналады және актілермен қосымша растауды талап етпейді. Референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген түзетулер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми есеп жарияланған күннен бастап күшіне енеді", - деді Орталық референдум комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, 5 маусымда таңғы 07.00 мен 20.00 аралығында Конституциялық түзетулерге байланысты референдум өтті. 

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетеньде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек болды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети