ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2022 | 12:41
Қазақстандағы референдум: сайлаушылардың 43,7 пайызы қатысты
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 43,70 пайыз. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 43,70 пайыз. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Референдум бойынша Орталық комиссияның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәліметі бойынша, елордада сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", - деді Шавкат Өтемісов.
Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, 5 122 577 адам бюллетень алған. Қазіргі уақытта ең белсенді аймақ - Солтүстік Қазақстан облысы.
Сағат 12.00-дегі өңірлердегі қатысу көрсеткіші :
- Ақмола облысында – 41,31 пайыз;
- Ақтөбе облысында – 41,14 пайыз;
- Алматы облысында – 43,05 пайыз;
- Атырау облысында – 37,33 пайыз;
- Батыс Қазақстан облысында – 47,58 пайыз;
- Жамбыл облысында – 55,15 пайыз;
- Қарағанды облысында – 51,60 пайыз;
- Қостанай облысында – 49,96 пайыз;
- Қызылорда облысында – 48,73 пайыз;
Маңғыстау облысында – 36,02 пайыз; - Павлодар облысында – 51,17 пайыз;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 58,25 пайыз;
- Түркістан облысында – 46,69 пайыз;
- Шығыс Қазақстан облысында – 48,86 пайыз;
- Нұр-Сұлтанда – 37,03 пайыз;
- Алматыда – 20,14 пайыз;
- Шымкентте – 44,61 пайыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также