05 маусым 2022 12:41

Қазақстандағы референдум: сайлаушылардың 43,7 пайызы қатысты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 43,70 пайыз. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 43,70 пайыз. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Референдум бойынша Орталық комиссияның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәліметі бойынша, елордада сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", - деді Шавкат Өтемісов.

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, 5 122 577 адам бюллетень алған. Қазіргі уақытта ең белсенді аймақ - Солтүстік Қазақстан облысы.

Сағат 12.00-дегі өңірлердегі қатысу көрсеткіші :

  • Ақмола облысында – 41,31 пайыз;
  • Ақтөбе облысында – 41,14 пайыз;
  • Алматы облысында – 43,05 пайыз;
  • Атырау облысында – 37,33 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысында – 47,58 пайыз;
  • Жамбыл облысында – 55,15 пайыз;
  • Қарағанды ​​облысында – 51,60 пайыз;
  • Қостанай облысында – 49,96 пайыз;
  • Қызылорда облысында – 48,73 пайыз;
    Маңғыстау облысында – 36,02 пайыз;
  • Павлодар облысында – 51,17 пайыз;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 58,25 пайыз;
  • Түркістан облысында – 46,69 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 48,86 пайыз;
  • Нұр-Сұлтанда – 37,03 пайыз;
  • Алматыда – 20,14 пайыз;
  • Шымкентте – 44,61 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети